©
Маңғыстау облысында бір жұмысшының орташа айлық көрсеткіші 274 мың теңге. Қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 157,1мың теңгені құрап отыр. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 8,3 %-ға артқан, - деп хабарлады mangystaumedia.kz сайты energyprom.kz сілтеме жасап.Қазақстандықтардың сатып алу қабілеттілігі жыл басынан бері артқан. Яғни, жарты жыл қорытындысы 1,8 %-ды құрап отыр.
Еnergyprom.kz сайтының мәлімдеуінше, еліміздегі жалақысы ең жоғары өңір Атырау облысы екен. Бір жұмысшының орташа жалақысы - 282,6 мың теңге. Ал ең аз жалақы көрсеткіші Түркістан облысында. Орташа жалақы көлемі 103,5 мың теңге.
[caption id="attachment_59525" align="alignnone" width="599"] сурет еnergyprom.kz сайтынан алынды[/caption]Сонымен қатар, үш облыста қазақстандықтардың жалақысынан гөрі инфляция қарқынды өсуде. Осылайша, сатып алу қабілетінің төмендеуі Алматы (1%), Алматы облысында (1,3%) және Қызылорда облысында (1,5%) байқалған.
Айта кету керек, биыл жалақының өсуі инфляцияға қарағанда артық. Естеріңізге салсақ, 2015 жылдан бастап үш жыл қатарынан қазақстандықтардың сатып алу қабілеті төмендеген. Мәселен, 2017 жылы инфляцияны ескере отырып, сатып алу қабілеті 1,7% -ға төмендеді.
Асылзат ӨСЕРҚЫЗЫ
Сурет сайттың архивінен алынды