Кеше Ақтау қаласында «Қазақстанның үздік тауары - 2018» атты облыстық көрме-байқауы өтті. Жиынға Маңғыстау облысындағы 14 кәсіпорын қатысты.
«Қазақстанның үздік тауары» - көрме-байқауы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін шара. Бұл байқауда кәсіпкерлер тауарын жарнамалап, тұтынушылар санын көбейтуге, кәсіпорын өзін-өзі танытуына мүмкіндігі бар. Шара мақсаты – аймақтағы жоғары сапалы өнімдерді көбейтіп, бәсекеге қабілеттігін арттыру.
«Конкурсқа біз жылдың басынан бері дайындалып келеміз. Осы конкурсқа жыл қорытындысы негізінде қандай кәсіпкерлер қатыса алады. Солардың арасында сараптама жасадық. Конкурстың алдында кәсіпкерлер арасында сауалнамалар жүргіздік. Нәтижесінде сараптама комиссиясына келіп түскен 30-дан астам кәсіптік ұйым қатысуға өз ұсыныстарын берді. Конкурс үш аталым бойынша ұйымдастырылып отыр. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» «Халық тұтынатын үздік тауарлар» «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары», - деді Маңғыстау облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрбек Қарасаев.
Көрме-байқау республикамызда 2006 жылдан бері өткізілуде. Ал облыста бұл байқауды 2015 жылдан бері «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырып келеді.
«Біздің компания Қарақия ауданы бойынша осы байқауға алғаш рет қатысып отыр. Компания қалыпқа формаларды құйып, әр түрлі мүсіндерді шығарады. Біз шағын жинақ сандықша жасаудан(копилкалардан) бастағанбыз. Сонымен қатар тауарларымыздың арасында үлкен формаларыда кездеседі, бүркіт, періште, арыстанныі ірі мүсіндері де бар. Осындай байқауға қатысып жатқаныма өте қуаныштымыз»,- деді «Эко домик» компаниясының менеджері Бибігүл Мурзабекова.
Шараға әр түрлі кәсіпорын қатысты. Айта кетсек «Төрт-түлік мал етінен бұқтырылған ет және балық консервісін шығару», «Тігін фабрикасы», «Жаңаөзен сүт зауыты», «Каскор Машзавод», «Ұн комбинаты», «Жүкті әйелдерге арналған киім», «Сүт-кондитер» өнімдері, «Тігін тігу» фабрикасы және т.б. кәсіпорындар бар.
«Біз сүт-кондитер өнімдерін шығарамыз. Майылылығы әртүрлі қаймақ, йогурт, ірімшік шығарамыз. Сонымен қатар нан өнімдерін, макаронның 60 түрін шығарамыз. Сондай-ақ, торттар мен тәтті бәліштерді жасайтын цехымыз бар. Ең ерекше өніміміз - құрт. Құрттың екі түрін шығарамыз: тәтті және тұзды. Құрттарымыз өте дәмді деп айта аламын» -деді «Берекет-Ф» ЖШС директордың орынбасары Светлана Қойшыбаева.
Жеңімпаздарды Маңғыстау облысының әкімі орынбасары Сакеев Руслан марапаттап, арнайы дипломдар табыстады.
Өндірістік мақсаттағы үздік өнімдер аталымы бойынша:
I орын «Бірлескен кәсіпорын «Каспий Битум» ЖШС. Негізгі қызмет түрі – жол битумын шығару.
II орын иегері - «Каскор Машзавод» АҚ. Қызмет түрі - мұнай газ кәсіпшілік жабдықтарын шығару.
III орын - «Раker Kazakstan ЖШС. Қызметі - пакер бұйымдарын шығару, орнықтыру.
Халық тұтынатын үздік тауарлар аталымы бойыншаI орын «Жанарыс» ЖШС. Негізгі қызметі – жеңіл өнеркәсіп, тігін тігумен айналысады.
II орын «Жекенова Асель» жеке кәсіпкер. Негізгі қызметі – жеңіл өнеркәсіп. Жүкті әйелдерге арналған киімдер тігумен айналысады.
III орын «Домик» кәсіпкер. Мүсін шығарумен айналысады.
Үздік азық түлік өнімдері аталымы бойынша:I орынды «Сегізбай Ата» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі. Қызметі - Төрт-түлік мал етінен бұқтырылған ет және балық консервісін шығару.
II орын иегері «Асқар» ұн-жарма комбинаты «Саукымбек» ЖШС. Негізгі қызметі – ұн өндіру.III орын иегері«Берекет-Ф» ЖШС. Негізгі қызметінің түрі тағам өнеркәсібі. Сүт және кондитер өнімдерін шығарады.
Айта кетейік, жеңімпаздар Астана қаласында 12-13 қазанда өткізілетін «Қазақстанның үздік тауары» байқауына және «Қазастанда жасалған» көрмесіне қатыспақ.Асылзат ӨСЕРҚЫЗЫ
Суреттерді түсірген С.Майемеров
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="59664,59663,59662,59661,59660"]