Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып Жаналинов Данияр Еренғалиұлы тағайындалды. Жаналинов Данияр 1975 жылы туған.
1998 жылы Қазақ көлік және коммуникация академиясын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірді.
1998 жылдың 17 шілдесінен 1999 жылдың 8 сәуірін қоса Алматы қаласы ҚР ІІМ ІӘ 7552 әскери бөлімінде қызмет атқарды.
2000 жылдың 1 кыркүйегінен бастап 2002 жылдың 1 шілдесіне дейін Алматы облысы бойынша Салық комитеті және Талдықорған қаласы бойынша Салық комитетінің салық инспекторы.
2002 жылдың шілдесінен 2003 жылдың маусымы аралығында Алматы облысы бойынша Салық комитетінің жетекші салық инспекторы.
2003 жылдың маусымынан 2008 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысы бойынша Салық комитетінің бас салық инспекторы.
2008 жылдың қаңтарынан 2008 жылдың шілдесіне дейін осы Салық комитетінің бөлім бастығы болды.
2008 жылдың шілдесінен бастап Алматы облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалды.
2010 жылдың мамырынан 2012 жылғы наурыз айы аралығында ҚР Қаржы министірлігі Салық комитетінің салықтық қызмет көрсету басқармасының бастығы.
2012 жылдың наурызынан 2014 жылдың қазан аралығында ҚР Қаржы министірлігі Салық комитетінің ірі салық төлеушілер басқармасының бастығы.
2014 жылдың қазанынан 2014 жылдың қараша айына дейін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы.
2014 жылдың қарашасынан 2018 жылдың шілде айы аралығында ҚР ҚМ МКК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кipicтep департаментінің басшысы.