©
Маңғыстау өңірінде бір жылдан бері Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) жұмыс істеп келе жатқанынан көпшілік хабардар. Бұл қор – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алуды және оларға ақы төлеуді жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым. Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемелер, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларды қоса алғанда, аударымдар мен жарналарды есептейтін (ұстап қалатын) және қорға аударатын жұмыс берушілер аударымдарды төлеушілер болып табылады.
Мамандардың түсіндіруіне сенсек, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі сақтандырылған Қазақстан азаматтарының барлығына жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрған жеріне және табысына қарамастан медициналық және дәрілік көмекке бірдей қолжетімділікке кепілдік береді. Әлемдегі 50-ден астам елдің тәжірибесін зерттеп, кейбір жайттар ескеріле отырып жасалған жүйеге ең озық саналатын тәжірибелері енгізілді. Бұл денсаулық сақтау саласының қаржылық тұрақтылығын, медициналық қызметтің жоғары сапасы мен қолжетімділігін, медициналық көмектің кең пакетін қамтамасыз етеді. Ол үшін арнайы бөлініп жатқан қаржы аз емес.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Ақтауда 2300 бала балабақша кезегінде тұр«Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» Коммерциялық емес АҚ жыл басынан бері Маңғыстау облысы бойынша Қормен келісімшартқа отырып, халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 10,468 миллиард теңге бөлді.
- Бұл - 6 маусымдағы мәлімет, - деді «ӘМСҚ» КЕАҚ Маңғыстау облысы филиалының басшысы Руслан Бектубаев. - Сондай-ақ бұл көрсеткіш кепілдендірілген тегін медициналық көмек (ТМККК) аясында халыққа медициналық көмек көрсету жөнінде бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасының 50,6 пайызына тең. Естеріңізге сала кетсем, ТМККК пакеті шеңберінде халыққа тегін медициналық көмек көрсету бойынша емдеу ұйымдарымен бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасы 21,536 миллиард теңге болатын. Қор ТМККК және МӘМС пакеттері шеңберінде халыққа арнап медициналық қызметтерді сатып алатын бірыңғай қаржылық оператор болып табылады. Бүгінгі таңда Қор 54 медицина ұйымымен қызмет көрсету туралы келісімшарт бекіткен. Оның 24-і–жеке меншік клиникалар. 2017 жылмен салыстырғанда жеткізуші компаниялар саны 8-ге артып отыр. Ал, олармен бекітілген келісімшарт сомасы өткен жылмен салыстырғанда 1,4 есе артып, 1,821 миллиард теңге болып отыр. Жұмыстар кестеге сай, медициналық қызмет сапасын мониторингтеудің жаңа талаптарына сәйкес жүргізіліп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА