©
Ақтауда эндоскопиялық хирургтер апталығы өтті. Өңірлік коммуникациялар қызметінде апталықты қорытындылауға арналған брифинг өтті.
Онда медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ұлттық ғылым академиясының мүшесі, Қазақстандағы репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ бірінші проректоры, медицина ғылымдарының докторы Дайнюс Павалкис және профессор, академик, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас онкологы Диляра Кайдарова апталықтың жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткенін айтты.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Баспана жайы талқыландыМамандардың айтуынша, барлық операциялар сәтті жүргізілген. Іс-шараға бес жетекші клиникалық база — Маңғыстау облыстық ауруханасы, облыстық перинаталдық орталық, облыстық балалар ауруханасы, облыстық онкология диспансері және «Софи Мед» клиникасы қатысты.
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Қазақстандық эндоскопиялық хирургтер ассоциациясы, Қазақстан репродуктивтік медицина Ассоциациясы, Қазақстан онкология және радиология ғылыми институты және эндоскопист-гинекологтар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған шара аясында хирургия, гинекология, балалар хирургиясы, онкология, анестезиология, сонымен қатар репродуктология салаларын қамтитын шеберлік сағаттары мен лекциялар жүргізілді.
Сондай-ақ маусымның 14-15 аралығында «Репродуктивті медицинаның заманауи мәселелері» атты II аймақтық конференция өтті. Жиын Қазақстан эндоскопиялық хирургтері қауымдастығының VII халықаралық съезі аясында ұйымдастырылған. Шараға гинекология, андрология, эндрокринология саласындағы 200 дәрігер мен ғалым қатысты.
Конференция барысында бедеулігі бар науқастарды заманауи тәсілдермен емдеу, қосалқы репродкутивті технологиялардың мүмкіндіктері, медициналық білім беруді дамыту сынды мәселелері қарастырылған.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА
Көрнекі сурет сайт архивінен