2014 жылдан бері 1 наурыз «Кемсітушілік нөл» күні (Zero discrimination Day) болып атап өтіліп келеді. Бұл – Біріккен Ұлттар Ұйымының (ЮНЭЙДС) АИТВ/ЖИТС бойынша Біріккен Бағдарламасының басшыларының бастамасы.
«Кемсітушілік – бұл адам құқығын бұзушылық, және оны елемеуге болмайды. Баршамызда қадір-қасиетіміз бен сыйластықта өмір сүру мүмкіндігі болуға тиіс», деген болатын БҰҰ-ның сегізінші Бас хатшысы Пан Ги Мун. Шынында да, кемсітушілік қысым жасаумен пара-пар. Қазіргі заманғы ұғымда бұл сөз адамның әр түрлі белгілері (әлеуметтік, діни, нәсілдік, ұлттық, жыныстық және басқа да) бойынша құқығына қысым жасауды білдіру үшін пайдаланылады және әр қилы жолдармен жүзеге асырылады. Мұны қазіргі заманғы барша мемлекеттердің осы арқылы бастан кешкен тарихи тәжірибелері айғақтайды. Кейде жекелеген мемлекеттердің белгілі бір санаттағы өз азаматтарына қатысты тұрақты кемсітушілігі халықаралық құқықтар мен халықаралық ұйымдар тарапынан реттеуге көндіруге болғанымен, тұрмыстық деңгейдегі кемсітушілік әлі де күшінде және оның соңына дейінгі көрінісін дамыған демократиялық елдердің өздері бақылай алмауда.
Сондықтан жаңа атаулы күнді белгілеген құрылтайшылар бастапқысында АИТВ мен ЖИТС бар адамдардың проблемаларына назар аудартуға талпынған болатын. Сол кезде науқастарды құтқарып қалу үшін емдеу проблемалары, не дәрі-дәрмектер іздеу жайында ғана емес, сонымен қатар айналасындағылардың симптомдарды, осы аурудың ерекшелігін білмеуінен, науқастар алдында дені сау адамдардың өзге жаннан үрейленуін туғызатыны жайында да сөз болған. Және де бұл үрейлену АИТВ мен ЖИТС бар науқастарды, жиіренішті түрде жұқтырылған адамдарды оқшаулауға, аластауға тырысумен көрініс беретін, жағымсыз қарым-қатынаспен ерекше өзгеріске ұшыраған. Осының бәрі науқастың медициналық қызметке қолжетімділігін шектейді және олардың емделуіне теріс әсерін тигізеді.
Өкінішке қарай, кемсітушіліктің дүние жүзіндегі миллиондаған адамдарының өміріне келеңсіз әсерін тигізуі жалғасып келеді. Қазіргі мерекелік күн – осыған бей-жай қарамайтын адамдарға, яғни басқа да адамдардың тағдырына «Көмек қолыңды соз!» деген ұранның мақсаты мен міндеттерін айқын көрсетеді. Ал, 2016 жылы «Өзің берік бол!» деген сөзбен «Кемсітушілік нөл» күні ұраны, кемсітушіліктен зардап шеккендерге, не оның көріністерін бастан кешіп отырғандарға бағытталған болатын.
Жаңа мерекелік күн – қазіргі заманғы қоғамды олардың саяси және өзгедей көзқарасы мен сенімдеріне қарамастан, олардың нәсіліне, ұлтына, дініне, жынысына, жас ерекшелігіне, дәл сол не өзгедей әлеуметтік топқа жататындығына қарамастан басқа адамдарға төзімділікпен қарауға шақырады. Бұл күн – әр адамның лайықты толыққанды өмір сүруге құқығын еске салады.
Сондықтан осы күннің міндеті–аталған мерекені белгілегендер үшін және осы күн аясындағы жобаларды іске асыруға шын ықыласымен қатысушылар үшін қоғамның осыған толықтай қол жеткізген кезінде қоғам ішінде кемсітушілік нөлге жетпек, яғни мүлдем жоқ болмақ. Бұл мәселе БҰҰ-да ЮНЭЙДС бағдарламасы аясындағы мәжілістер мен форумдарда көтеріліп келеді. Белсенділер әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, кемсітушілік нөл жағдайына қол жеткізу үшін осыған бағытталған идеялар мен іс-шараларды дамыта түсуде. Адам құқықтарына қысым жасалуына қарсы күрес науқанына қолдау көрсетуге жекелеген мемлекеттердің үкіметтері, кейбір елдерде бизнес өкілдері де қосылуда. Дүние жүзінде кемсітушілік, оның ішінде АИТВ және ЖИТС–пен ауыратын адамдарға қатысты кемсітушілік проблемаларына байланысты тақырыптағы концерттер, фотокөрмелер, кино көрсетілімдері, семинарлар өткізілуде.
Гүлбану ЖАЙЛИЕВА, ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының эпидемиолог дәрігері