Қала әкімдігі 9а, 14а және 15а шағын аудандары жағалауында кәсіпкерлік қызмет көрсететін тұлғаларға ескерту жасады.
Осы уақытқа дейін жергілікті билік теңіз жағалауында қызмет көрсететін кәсіпкерлерге жерді босату және заңсыз сауда әрекеттерін тоқтату туралы жазбаша, ауызша және әлеуметтік желі арқылы хабарламалар жолдаған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Енді әкімдік белсенді әрекеттерге көшпек. Кәсіпкерлер 2023 жылдың 1 сәуіріне дейін барлық жылжымалы павильондарды және басқа да жабдықтарды (балалар көлігі, велосипедтер, дөңгелекті көліктер, сауда нүктелері және т.б.) алып тастауы қажет.
Ақтау қаласы әкімдігі тарапынан талап орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес тиісті шаралар қолданылады. Заңсыз нысандар айыппұл тұрағына жіберіледі.