Жәрмеңкеге Ақтау қалалық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы есебіндегі мүмкіндігі шектеулі балалар мен жалғызбасты қарттардың жасаған қолөнер, бұйымдары қойылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Шараны "Ақтау қалалық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету" мекемесі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында "Отпан ақпараттық түсіндіру және оңалту орталығы" ұйымдастырды.
Негізгі мақсат - мүмкіндігі шектеулі балалар мен жалғызбасты қарттарды шығармашылық жұмысқа тарту, олардың қызығушылығын арттыру. Белсенділігін қалыптастырып, іскерлігін дамыту, өзін-өзі қаржыландыруға үйрету.
"Қоғамның мәдени өміріне тарту арқылы оларды қолдау, ерікті қызметке баулу. Бос уақытын тиімді пайдалану арқылы өзін-өзі тәрбиелеуге дағдыландыру. Жәрмеңкеден түскен қаражат балалар мен қарттардың өз қажеттіліктеріне пайдалануға берілді, - дейді ұйымдастырушылар.