Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Оңалту жəне банкроттық туралы» ҚР Заңнамасы аясында 1-кезектегі кредиторлардың қарызын өтеудегі проблемалық мәселелерді анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Соңғы жағдай бойынша 14 кәсіпорында жалпы сомасы 235,7 млн теңгені құрайтын жалақы бойынша кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген 166 қызметкер анықталған. Олар; «CES GROUP» ЖШС - 11,0 млн.теңге (50 қызметкер), «ПолиКом-сервис» ЖШС - 7,8 млн.теңге (7 қызметкер), «Сартас-Теңіз Порты» АҚ- 5,8 млн.теңге (7 қызметкер), «АктауОйлМаш» ЖШС - 10,1 млн.теңге (10 қызметкер), "ConstructionEmpire" ЖШС– 13,4 млн.теңге (8 қызметкер), "DARSTON" ЖШС – 6,9 млн.теңге (3 қызметкер), "Батыс Энерго"ұлттық компаниясы" – 22,0 млн.теңге (3 қызметкер), "Лина" ЖШС – 1,6 млн.теңге (1 қызметкер), "Каз Пром Логистик" ЖШС– 3,0 млн.теңге (1 қызметкер), АҚ "КаспийМұнайКұрылыс" – 6,6 млн.теңге (14 қызметкер), АО "ХазарМұнай" – 129,1 млн.теңге (20 қызметкер), АҚ "Батша Қуан" – 1,4 млн.теңге (1 қызметкер) , ЖШС "Актау Сүт" – 13,6 млн.теңге (39 қызметкер), ЖШС "ИнтерСтройСервисАқтау" - 4,0 млн.теңге (2 қызметкер).
1-кезектегі кредиторлардың талаптарын орындау бойынша сома - 2,4 млн. теңге құраған.