Маңғыстауда полицейлер жарты миллион теңгені жымқырған «хакер әйелді» ұстады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Алматы, Түркістан, Атырау және басқа да облыстардың тұрғындары әлеуметтік желі арқылы ірі көлемде ақша жымқырған хакерге қатысты Ақтау қалалық полициясына жүгінді. Жергілікті тұрғын ғаламтор арқылы жәбірленушілердің банк шоттарынан 500 мың теңгеден астам ақшаны жымқырған.
Полицейлер 24 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша тіркелді. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды.