22 қыркүйек күні сағат 21:50-де 102 кезекші пультіне Ақтау-Жаңаөзен тас жолының 26/760 шақырымында жол-көлік оқиғасы туралы қоңырау түсті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Облыстық ПД-не сілтеме жасап.
GEELY SC7 маркалы автокөлігінің жүргізушісі түйені қаққан. Оқиға орнында 57 жастағы жолаушы алған жарақаттарынан көз жұмды. Бір жолаушы облыстық ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді.
Аталған факті ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша Мұнайлы аудандық ПБ СДТБТ-де тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Автокөлік айып тұрағына қамалды. Тергеу жүргізілуде.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.