Жаңаөзен көшелерінің бірінде Chrysler S300 көлігі тоқтатылды. Тексеру барысында көліктің Ресей азаматына тиесілі екені және 2019 жылдан бері халықаралық іздеуде жүргені анықталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 386-бабы (көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу жалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Көлік тұраққа қойылды. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды.