Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншыларын жеңісімен және Ұлттар лигасының В дивизионына шығуымен құттықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы құттықтауын Twitter-де жариялады.
2022 жылғы УЕФА лигасының топтық кезеңінің ойыны «Астана Аренада» өтті. Қазақстан құрамасы Беларусь құрамасын 2:1 есебімен ұтты. Жеңіс қазақстандықтарға лиганың С тобын жеңіп, дивизионға көтерілуіне мүмкіндік берді.