Өзен-Болашақ станциялары бағытында қатынайтын жолаушылар пойызы жаңа вагонмен толықты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Вагонның басты артықшылығы – ауаны зарарсыздандыру және тазалау үшін қазіргі заманғы сүзгілермен жабдықталған желдеткіш жүйесі бар.
Бұрын плацкарт вагондарда ауаны тазартатын ондай жүйе болмаған. Бұдан бөлек вагон түрлі-түсті режимде түсіретін 6 бейнекамерамен жабдықталған.