Бұл туралы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде өткен жиында айтылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме бере отырып.
Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев, сондай-ақ мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері "Сергек" компаниясының өкілдерімен кездесті.
Жоба авторының айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанның 9 қаласында "Сергек" камералары орнатылған. Бейнебақылау камералары жедел басқару орталығына (ЖБО) шығарылды.
"Сергектің" көмегімен полиция қызметкерлері заңсыз әрекеттерге жедел әрекет ете алады. Бейнебақылау камерасындағы жазба жүйеде 30 күн сақталады.
- Алдағы екі айда "Сергек" жүйесінің камералары біздің өңірге әкеліне бастайды. Инвестордың қызығушылығы бар, ол осы жобаға инвестиция салуға дайын. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде 5 жыл ішінде олар камералардың үздіксіз жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз ететін болады. Бұл жүйені орнату - жаяу жүргіншілердің қауыпсіздігін қамтамасыз етуге, жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға, жол қозғалысын реттеуге мүмкіндік береді. Айта кету керек, барлық айыппұл жергілікті бюджетке түседі, - деді Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай.
"Сергек" жүйесі - қазақстандық өнім.
- Маңғыстау облысының әкімдігі "Маңғыстау облысында фотобейнетіркеу және бейнеталдау жүйесін құру және пайдалану" МЖӘ жобасын іске асыруда, оның шеңберінде Ақтау қаласында 108 жылдамдық өлшегіш нүктесі мен 102 бірлік бейнебақылау камерасын, сондай-ақ Мұнайлы ауданының елді мекендерінде 40 жылдамдық өлшегіш нүктесі мен 300 бірлік бейнебақылау камерасын орнату көзделген. Маңғыстауда "Сергек" жүйесін іске қосу жұмыстары осы жылдың аяғында басталады, - деді Маңғыстау облысының цифрландыру басқармасының басшысы Айдын Хадиев.