15-17 қыркүйек аралығында Таразда "Динамо" дене шынықтыру және спорт қауымдастығының құқық қорғау органдары, күштік және арнайы құрылымдар қызметкерлері арасында жауынгерлік қарудан оқ ату бойынша IX ведомствоаралық турнир өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аймақтың полиция департаментіне сілтеме жасап.
Турнирде Маңғыстау өңірінің намысын облыстық ПД қызметкері, полиция полковнигі Наталья Евстигнеева қорғады. Жарыс қорытындысы бойынша ПМ-5 жаттығуында сегіз секунд ішінде ол нысанаға 3 рет оқ атып, жүлделі үшінші орынға ие болды. Үздік нәтиже көрсеткен және мергендік танытқан жеңімпаздар ҚР ІІМ-нің медальдарымен, дипломдарымен, сондай-ақ бағалы сыйлықтарымен марапатталды.