Ақтауда 13 қыркүйектен 14 қыркүйекке қараған түні сағат 01:00-ден таңғы 05:00-ке дейін жарық беру уақытша шектеледі, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«АЭжБУ» МКК мәліметінше, бұл «МРЭК» АҚ жөндеу жұмыстарымен байланысты.
Таңғы сағат 01:00-ден 05:00-ге дейін электр қуатын беру уақытша тоқтатылады:
- 5 шағынаудан (темір жол 20,18,28,42,40,38,36,42,39,41,9,11,19);
- 6 шағынаудан (18, 32, 33 үй);
-7 шағынаудан (3 корон, 7,8,5а,5б, 23 үй);
- 14 шағынаудан ( 2,7,8,9/1,3,4 11,14,13,15,16,17б,19а, 19в, 12, 84, ЖК Изумрудный).
Сондай-ақ, «PR», «Алиса» мейрамханалары, «Баккара», «Вива Атырау», «Ла море», «Наполи», «Чечел паб», «Тофу», «Шарк», «Оазис», «Теплица» дәмханаларында да жарық беру шектеледі.