7 қыркүйек күні Ақтау қаласында орналасқан айыптұрақтан белгісіз адам “Toyota Camry 30” маркалы автокөлігін ұрлап кеткен, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша тіркелді. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында автокөлік табылды. Қазір күдікті тұлғаны іздестіру жұмыстары жүргізілуде.
Жәбірленуші азамат көлігін іздестіруде полиция қызметкерлерінің дер кезінде әрекет еткені, олардың кәсібилігі мен жеделдігінің арқасында ұрланған автокөліктің көп ұзамай табылғандығын айтып, алғысын білдірді.
“Көлік бастапқыдағыдай қалпында қайтарылды. Осы іске атсалысқан Ақтау қаласының криминалдық полиция қызметкерлеріне және тергеушілеріне алғысымды білдіремін”,-деп жәбірленуші желіге алғыс айтып бейнежазба қалдырған.