Биылғы жылдың 8 айында көші-қон саласының қызметкерлері елдегі әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы бұзған 5 мыңнан астам шетелдікті жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аймақтық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Тәртіп сақшыларымен әкімшілік жауапкершілікке тартылған шетелдіктерден 13 миллионнан астам айыппұл өндірілді.
407 шетелдік елден шығарылған. Алимент төлеуден жалтарғаны үшін іздеу салынған 95 азаматтың 78-і анықталды.
Сондай-ақ, тіркеуде тұрған 115 борышкердің 93-і жауапкершілікке тартылды.
Маңғыстау полициясы көші-қон саласындағы заңнаманы қатаң сақтауға және құқық бұзушылықтың алдын алуға шақырады.