Ақтаулық тұрғынды Telegram желісіндегі емтихансыз жүргізуші куәлігін алып беру туралы ұсыныс арбаған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аймақтық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, алаяқ жәбірленушіден 100 мың теңге көлемінде ақша алған. Алданған азаматша полицияға жүгінген.
Полиция күдіктінің кім екенін анықтады. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды.
Маңғыстау полицейлері желідегі алаяқтардың құрбаны болмас үшін аса сақ болуға және бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады.