Ақтау қаласының тұрғыны облыс әкімдігінің телеграм каналында қаладағы басты көшелердің бірінің сапасына шағымданды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасай отырып.
Телеграм чатта қала тұрғыны Ақтау қаласындағы №14 мектеп жанындағы жолдан бастап, 32-шағынаудандағы «Toyota center» орталығына дейінгі жолда ойық, шұңқырлардың көп екенін айтып шағымданған. Сол үшін жолдың ойылған жерлерін тегістеп, топырақ төу керек екенін жазады. Тұрғынның сауалына Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы жауап берді.
-Аталған аумақтың шамамен 200 метрдей автомобиль жолына асфальт төсеу бойынша смета жасақталып, қаржысын қарастыру үшін бюджеттік өтінім берілген. Тиісті жұмыстар қаражаттың бөлінуіне орай басталатын болады, - деді жауаптылар.