Маңғыстаулық егіздер Линара мен Рената Мирғалиевалар «Байқоңыр» халықаралық кино фестиваліне қатысып, арнайы жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме бере отырып.
Линара Мерғалиева халықаралық кино фестивалінің іріктеуінен өтіп, сыңары Рената екеуі бірігіп авторлық мультфильм жасаған. «Байқоңыр» кинофестиваліне қатысқан 306 киножобаның ішінен Мирғалиевалардың туындысы арнайы жүлдеге ие болады.
Айта кетейік, еліміздегі ең алғашқы қысқа метражды фильмдерге арналған «Байқоңыр» халықаралық кино фестивалі биыл 7-рет ұйымдастырылып отыр.