7 қыркүйек күні сағат 19:00 шамасында 28 шағын ауданның учаскелік полиция пунктіне ер адам құжаттары бар сөмкесін жоғалтып алғанын айтып, көмекке жүгінді.Полиция лейтенанты Бауыржан Сейтмұханов бірден әрекет етіп, іздеуге кірісті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Тәртіп сақшысы ер адам затын қалдырған дүкеннің бейнебақылау камераларын қарап, жоғалған сөмкені тауып, иесіне қайтарды.
Ведомствоның Instagram парақшасына тұрғын өзінің алғыс сөздерін жолдады. "Сіздердің еңбектеріңіз үшін үлкен алғысымды білдіремін",-делінген хабарламада.