Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың тапсырмасы бойынша әскери борышын өтеп жүрген сарбаздар ата-анасын көріп, тілдесу үшін «Отбасымен бейнеоңырау» қызметі ұйымдастырылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бейне байланысқа әскери теңіз база командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Бағдат Мыңбаевтың ата-аналармен сәлемдесуінен басталды. Бағдарламаға 50-ден астам матростың туған-туысы қосылды.
«Отбасымен бейнеуқоңырау» телекөпірі кезінде сарбаздар әскери қызметтен алған әсерлерін және меңгерген жетістіктерін айтып, саулық сұрады.
«Бүгінгі таңда басшылық тарапынан көптеген жағдайлар жасалып жатыр. Соның бірі ата-анамызбен сөйлесу. Бұл туыстарымыз бен біздер үшін үлкен қуаныш. Себебі ата-ана балаларымен ұялы телефон арқылы дауыстарын естіп қуанады. Бүгінде осы бейне сөйлесу арқылы балаларының киімі бүтін, дені сау екендігіне көре алады. Осындай мүмкіндіктер берген басшылыққа алғыс білдіреміз. Отанды қорғау бұл әрбір азаматтың абыройлы міндеті, сондықтан біз, Қарулы күштердің сарбаздары, елімізді қорғауға әрдайым дайынбыз» - дейді матрос Мұқағали Балтабаев.
«Отбасымен бейнеқоңырау» әр жексенбі сайын Қарулы күштердің барлық әскери бөлімінде тұрақты түрде жұмыс істейді.