Маңғыстау ауданына қарасты Шайыр ауылының тас жолында «Тоyota Hilux» автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында көліктің жүксалғышынан сөмкеге оралған бекіре тұқымдас 5 балық табылған. Бұл туралы mangystaumedia.kz облыстың Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Белгілі болғандай, жүргізуші балықты заңсыз тасымалдаған.
Балықтың салмағы 24 келі 200 грамм екені анықталды. Қазіргі уақытта тәркіленген балық «Kazakh Osseter» ЖШС қызметкерлеріне тапсырылды.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы (сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша тергелуде. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды.