Атырау облысының 2016 әскери бөлімінде борышын өтеп жатқан мерзімді әскери қызметкердің үйіне оралуына бір ғана ай қалған еді, бірақ туған жеріне табытпен оралды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қайтыс болған мерзімді қызметкер теңіз жағасындағы заставада қызмет еткен. Әскери бөлімдегілердің айтуынша сол күні ол мемлекеттік шекараны күзету үшін шығып, көлік бұзылып жолда қалған. Көмек сұрауға жаяу шыққан әскери қызметші далада адасып кетіп, қатты ыстықтан әлсіреп қайтыс болды дейді әсери бөлімде.
«2022 жылғы 17 тамызда Атырау облысында Мемлекеттік шекара учаскелерінің бірінде қызметін өткеріп жүрген Шекара қызметінің әскери қызметшісі Нұрбек Ерғалиев қайтыс болды. Сот-медициналық сараптау нәтижесі бойынша «кенеттен болған жүрек өлімі» анықталған", - делінген ҰҚК мәліметінде.