Шара Каспий күні мерекесіне орай ұйымдастырылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
- Қатысушылар қайта өңделетін заттарды жинады. Кейбір қатысушылар шара барысында тосын сыйдың иесі атанды. Қоқыс арасындағы алты бөтелкеге 5 000 теңгелік ұтыс пен 10 000 теңгелік екі бөтелке жасырылған. "Сенбілік емес" жоғары деңгейде әрі белсенді түрде өтті. Қатысқандарыңыз үшін рахмет, - деді ұйымдастырушылар.
Айта кетейік, тазалық шарасын «Eco West Aqtau», «Эко Маңғыстау» ҮЕҰ және Маңғыстау облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы ұйымдастырды.