Бұл туралы облыс әкімдігінің телеграм каналында тұрғынның жолдаған сауалына жауап берген Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желі қолданушысы №107 «Ақтау-Басқұдық-Ақтау» маршрутының бағытын жолаушыларға тиімді етіп өзгерту туралы өтініш білдірген. Жауапты мекеме мамандары тұрғындардың сауалын ескеріп, ауданаралық (қалааралық, облысішілік) №107 «Ақтау-Басқұдық-Ақтау» маршрутының жүру схемасын өзгертті.
- Осыған дейін, Ақтау қаласындағы «Шығыс-2» және «Шығыс-3» арасындағы жол арқылы жүрген №107 маршруты, 2022 жылдың 8 тамызынан бастап «Шотан батыр» ескерткіші қиылысы арқылы, әрі қарай Ақтау қаласының «Шығыс-3» және 31«Б» шағынаудандары арасындағы жолмен жүретін болады. Маршрут схемасының қалған бөлігі өзгеріссіз қалады. Сұрақтар бойынша 31-90-70, + 7 701 377 44 22 телефонына хабарласуға болады, - дейді жауаптылар.