Маңғыстау облыстық полиция департаменті 28 шілде күні Ақтау-Атырау тас жолында болған жол апатынан нақты ақпаратты хабарлады. Апат салдарынан оқиға орнында екі жүргізуші және "Lada Priora" автокөлігінің екі жолаушысы алған жарақаттарынан қаза тапты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сонымен қатар, екі жолаушы зардап шегіп, олар жақын маңдағы аудандық ауруханаға жеткізілген.
102 кезекші пультіне 28 шілде күні сағат 14.40 шамасында Ақтау-Бейнеу республикалық тас жолының 325 шақырымындағы жол-көлік оқиғасы туралы шақыру түскен.
"Lada Priora" автокөлігінің жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай, қарсы бағытқа шығып, "Mercedes Benz S-320" автокөлігімен соқтығысты. Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша Маңғыстау ауданы ПБ СДТБТ-де тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген ведомство хабарламасында.