«Amanat» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Жиында интернаттық мекемелерде балалардың тиісті жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі облыс әкімдік бекіткен жоспардың орындалысы, «Балалар жылы» аясында оқушыларды мектептерде тегін ыстық тамақпен және барлық балаларды автобустарда тегін жүрумен қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастыру, аз қамтылған отбасылардың балаларын толыққанды жазғы демалыс лагерьлерімен қамтуды ұлғайту, аудан орталықтары мен ауылдардағы балаларға арналған қосымша білім беру мекемелері мен спорт объектілерінің санын ұлғайту мүмкіндігін пысықтау, «Тең мүмкіндіктер жасау» бағыты бойынша инклюзивті орталықтың ашылуы, Маңғыстау облысының кәсіпорындарындағы әлеуметтік және еңбек дауларын болдырмау үшін атқарылып жатқан шаралары қаралды.
Жиын барысында алғашқы төрт мәселе бойынша білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева баяндама жасады. Кеңес мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Садуақас Битан Мұнайлы ауданындағы №3 арнайы орта мектептің жағдайы сын көтермейтінін алға тартып, жаңа ғимаратқа көшу мәселесін көтерді. Білім басқармасының басшысы Динара Нағимоллақызы алдағы уақытта бірқатар арнайы мектептерге жаңа ғимарат беру мәселесі жоспарда барын айтып, оның ішінде Мұнайлы ауданы еніп отырғанын жеткізді. Кеңес мүшесі Ерген Сыражанов мектеп асханаларына әр балаға бөлінетін қаражаттың дұрыс жұмсалуы бақылауға алу мәселесін көтерді. Ал, білім басқармасының басшысы тамақ бағасының көтеріліп кеткенін айтып, алдаға уақытта әр балаға бөлінетін қаржыны өсіруге ұсыныс беріп отырғанын айтты. Кеңес мүшелерінің алдағы уақытта мониторинг жасау жөніндегі ұсынысына балалардың білім алу процесі кедергі келтірмесе мониторинг жасауға келісім берді.
Облыстық мәслихат депутаты Гүлнара Тасболатова Мұнайлы ауданындағы 4 орта мектептегі бұрынғы шағын орталық болған кабинеттерді жөндеп, бастауыш сыныптарын оқитын кабинет дайындау мәселесін көтерді. Филиалдың атқарушы хатшысы Нұрбек Қарасаев білім саласындағы салынып жатқан нысандар туралы толық ақпарат ұсынуды тапсырды.
Кеңес мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Жұлдыз Мұханбетқалиқызы жол картасында көрсетілген Жаңаөзен қаласында 2022 жылы салынатын спорттық нысандар туралы толық ақпарат жолдауды сұрады..
Маңғыстау облысының кәсіпорындарындағы әлеуметтік және еңбек дауларын болдырмау үшін атқарылып жатқан шаралары туралы баяндама жасаған Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Әлігер Іңкәровке еңбек дауларын қарау кезінде бастауыш партия ұйымын тарту, бірлесе қарау туралыс ұсыныстар айтылды.