Ақтау қаласында коммуналдық сала қызметкерлері көшелерден 36 154 м3 жаңбыр суын шығарды, деп хабарлайды, mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауқымды жұмыс сағат 16:00-ден 18:00 аралығында жүргізілді. «Қала жолдары» ЖШС қызметкерлері күндізгі кезекшілік уақытында 17-шағынаудандағы «Халық Арена» спорт кешенінің жанындағы, Маңғыстау облысы әкімдігінің ауданындағы, энергетикалық колледждің жанындағы автожолдарда, сондай-ақ «Каспиан Ривьера» қонақ үйінің, «Ер Қосай» сауда үйінің, «Мағаш» базарының және басқа да жерлерде жиналған суды шығарды.
- Жүзден астам жол жұмысшы, сондай-ақ мотопомпалар, тиегіштер, самосвалдар, тракторлар және т.б арнайы техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта 36 154 м3 су сорылды, - дейді Ақтау қалалық әкімдігі өкілдері.
Сондай-ақ, қала бойынша жолдарды ірі қоқыстардан, жол жиектеріне тазалау жұмыстары жүргізіліп, 58 м3 қоқыс шығарылды.