Toyota Alphard автомобилі "Бақ Сарай" мейрамханасына қарама-қарсы 29а шағынауданында "Қала жолдары" ЖШС қызметкерін қағып кеткен. Бұл туралы 2022 жылдың 25 маусымында сағат 22.30-да кезекші 102 пультіне шақырту түсті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
- "Toyota Alphard" автокөлігінің жүргізушісі кедергілерге тап болған кезде шара қолданбай, жолға белгі сызып жүрген жұмыскерді қағып кетті. Тергеу жүріп жатыр, - делінген Маңғыстау полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Облыстық аурухананың баспасөз қызметі 1960 жылғы ер адам ес-түссіз жеткізілгенін, қазір жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп отыр.
- Дәрігерлер соқтығысу салдарынан ашық бас сүйек-ми жарақаты, бас сүйегінің сынуы, мидың ауыр жарақаты, оң жақ аймақтың эпидуральды қан кетуі, субарахноидты қан кету, бет сүйектерінің бірнеше жерден сынуы, жоғарғы жақтың сынуы, мұрын сүйектері, сол жақ гумерустың сынуы, кеуде қуысының жабық жарақаты, сол жақтағы екі қабырғаның жабық сынуы, париетальды аймақта көгерген жара, арқаның абразиясын анықтады", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметі.