Қарақия ауданындағы Құрық ауылында орналасқан 147 референдум учаскесіне келін келді,-деп хабарлайды Қарақия газеті.
Азамат Наурыз бен Бағдат Данагүл бүгін үйленіп жатыр. Дәлірек айтқанда, дәл қазір беташары болады екен. Күйеу жігіт беташардан бұрын келінді сайлау учаскесіне алып келіпті.
- Біз жұбайлық өміріміздің алғашқы қадамын еліміздің ертеңіне өзгеріс енгізуге өз үлесімізді қосудан бастағымыз келді. Өз болашағымыз үшін дауыс бердік, ертеңімізге сенеміз! - дейді жас жұбайлар.