"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ардагерлері" Республикалық қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облыстық төрағасы Нұрлыбай Қонақбаев референдумға қатысты.
Отанға 35 жылдан астам уақыт қызмет еткен отставкадағы полковник №25 учаскеге барып, өз таңдауын жасады.
— Еліміздің Ата Заңына енгізілген түзетулер елдің болашағына елеулі әсер ететініне сенімдімін. Бүгін біз — Қазақстанда болып жатқан орасан зор өзгерістердің қатысушылары мен куәгерлеріміз. Еліміздің саяси жүйесін түбегейлі өзгертетін ауқымды реформалар Негізгі заңды жаңартуды талап етіп тұр, – деді Н.Қонақбаев.
Нұрлібай Данабайұлы жасына қарамастан, өңір өміріне белсене қатысады. "ҚР ҚК Ардагерлері" РҚБ төрағасы ретінде Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті жанында Жауынгерлік Даңқ бөлмесін, сондай-ақ тұрақты түрде түрлі патриоттық іс-шаралар өтетін Жеңіс аллеясын ұйымдастырды.