Таңғы сағат 7:00-де Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ГМ-172/10 мекемесінде референдум өткізу үшін 39 сайлау учаскесі ашылды.
Дәстүр бойынша алдымен алаңда мемлекеттік Әнұран шырқалды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңға сәйкес үкімі заңды күшіне енбеген, тергеу изоляторларында отырған кәмелетке толған Қазақстан Республикасының азаматтары референдумға қатысуға құқылы. Маңғыстау тергеу изоляторында 108 адамның құқығы бар. Оларға қатысты сот үкімі - заңды күшіне енбегендер және тергеу мен қамауға алынғандар. Олар бір жарым сағатта өз таңдауын жасаған. Ал шызметкерлер өз учаскелерінде дауыс беруі үшін кезекпен жұмыстан біраз уақытқа босатамыз», - деді ГМ-172/10 мекемесі басшысының орынбасары Азат Орынбасаров.
Айта кетейік, Тергеу изоляторында референдум өткізуге барлық жағдай жасалған. Сайлау жәшіктері мен дауыс беруге арналған кабиналар, сондай-ақ жадынамалар, брошюралар, кеңсе тауарларымен қамтамасыз етілген.