Құланды ауылының 40 жылдық мерекесін атап өту қыркүйек айына жоспарланып отыр, - деп хабарлайды mangystaimedia.kz сайты ҚКО сілтеме жасап.
40 жылдықты атап өту үшін ұйымдастыру алқасы құрылып, іс-шаралар жоспары жасақталған.
- 40 жылдыққа байланысты ауыл тарихы туралы қысқаша бейнебаян дайындаймыз. Оны әлеуметтік желі арқылы таратып, Құланды ауылынан шыққан еңбек ардагерлері, ауылдың өркендеуі жолында қызмет еткен тұлғалар туралы мақалаларды жыл бойы жариялаймыз. Одан бөлек мерекелік жоспарға телеарна арқылы ауыл өмірін насихаттап, ауыл мектебінде өткен барлық іс-шараны 40 жылдықпен байланыстырамыз, билбордтар дайындау және басқа да көптеген бұқаралық шаралар енгізілді, - деді Құланды ауылының әкімі Санат Төкенов.
Айта кетейік, 1982 жылы 20 ақпан күні Маңғышлақ облыстық советі атқару комитетінің шешімімен Құланды селосы құрылды. Құланды ауылдық округі кеңестік кезеңде 12 000 бас жылқы өсіріп, Адай жылқысының атағын асырған ауыл.