Маңғыстау облыстық балалар ауруханасында жатқан екі түлектің жағдайы әлі ауыр. Бұл туралы Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
- Науқастың жағдайы - ауыр, оған ота жасалған, жарақат бөлімінде жатыр. Ал екінші науқастың жағдайы - өте ауыр, жансақтау бөлімінде жасанды тыныс алу аппаратында жатыр. Екеуінің де жағдайы өзгеріссіз тұр, - деп хабарлады Маңғыстау облысының балалар ауруханасы.
Еске салайық, 25 мамырда Сайөтес ауданындағы тас жолда жол апатынан жеті мектеп түлегі зардап шекті. Жол-көлік оқиғасының екі қатысушысы ауыр халде санитарлық авиациямен облыстық ауруханаға жеткізілді.