Маусым айында Н. Жантөрин театры сахнасында екі спектакльдің тұсауы кесіледі, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Алғашқы қойылым - «La mom Piaf», тұсаукесері 2-3 маусым күндері сағат 19:00-де сахналанады.
5 маусым күні И. Сапарбайдың «Сыған серенадасы» музыкалық драмасын көре аласыз.
Ал 8 маусым күні «Естайдың Қорланы» қойылымының тұсауы кесіледі. Сондай-ақ аталған қойылым 9 және 29 маусым күндері көрермендерге ұсынылады.
12 маусым күні «Бес бойдаққа бір той» комедиясы қойылады.
14-16 маусым күндері театр ұжымы Түркістан облысындағы Маңғыстау күндеріне сапарға шығады.
Кейін 21-25 маусым аралығында Грузия фестиваліне жол тартады.
26 маусым күні теарт сахнасында М. Мағауиннің «Әйел махаббаты» сахналанады.
Балаларға арналған қойылымдарды назарыңызға ұсынамыз.
1 және 10 маусым күндері сағат 11:00-де «Алладиннің сиқырлы шамы» ертегісі сахналанады. 1 маусым күні сахналанатын ертегі балаларға тегін болмақ.
4 маусым күні «Бауырсақ» ертегісі балаларға ұсынылса, 11 маусым күні «Ну, погоди» ертегісі қойылады.