Ақтау гарнизонында Қарулы Күштер қатарына әскерге шақырылғандар салтанатты түрде ант берді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әскери бөлімдердің басшылығы сарбаздардың туыстары мен жақындары үшін әскери бөлімге, казармалар мен оқу сыныптарына экскурсия ұйымдастырды. Оларға бір жыл бойы сарбаздар жаттығатын орындар мен тұратын жерлер, қару-жарақ пен әскери техника көрсетілді.
Шара соңы жас сарбаздардың көрсетілім сабақтарымен аяқталды. Бір ай ішінде олар қарумен саптық дайындықты, қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін меңгерді және өз шеберліктерін келген қонақтарға мақтанышпен көрсетті.