Жаңаөзендік Жадыра Бердімұхамбетова Алматыда өткен әлем чемпионатында зілтемірді жатып көтеру (пауэрлифтинг) спортынан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ҚКО-ға сілтеме жасап.
21-29 мамыр күндері болған сайыста ол 185 келі зілтемірді көтеріп жеңіске жетті.
Жаңаөзен қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Жадыра Бердімұхамбетова – пауэрлифтингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол бұған дейін 2018, 2019 жылдары Дубайда өткен Азия ойындарында жеңімпаз болған.