Биыл Маңғыстау облысында 167 385 оқушы оқу жылын аяқтады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Маңғыстау облысы білім басқармасы баспасөз қызметінің айтуынша, 11-сыныпты 7 562 түлек бітірсе, 9-сыныпты 12 500 оқушы аяқтаған.
Ал «Алтын белгіге» 183 түлек үміткер. Жауапты мамандардың айтуынша, жылдан жылға үздік оқушылар саны көбеюде.
"Биыл өңірдің білім саласы үшін табысты жыл болды. Облыстың дарынды оқушылары республикалық пәндік олимпиадада 44 жүлдеге ие болды. Осылайша, еліміздің үздік ондығы қатарында болдық. Өңірдің 7 мектебі республиканың «100 үздік мектеп» қатарына енді", - деді МО білім басқармасының баспасөз қызметі.