Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Түпқараған аудандық пробация қызметінде есепте тұрған үш тұлғаға әлеуметтік көмек көрсетілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Мамандардың айтуынша, алдымен Ақшұқыр ауылы тұрғындарының тұрмыстық жағдайы тексерілді, содан соң қызметкерлер ауылдық әкімдікке біржолғы көмек беру бойынша ұсыныс жолдады. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек мөлшерін анықтау және тағайындау комиссиясы есепте тұрған тұлғалардың өтініштері мен пробация қызметінің ұсынысын қарастырды. Комиссия шешімімен әр сотталғанға 122 520 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.
Түпқараған ауданында барлығы 97 адам есепте тұр. Пробация қызметкерлері әр тұлғамен әлеуметтік-психологиялық жұмыстарын жүргізіп, рейдтік шараларды тұрақты түрде ұйымдастырады.