19-20 мамыр күндері Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша жәрмеңке өтеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бүгін жәрмеңке 34 ш/а «Қазақстан Халқы Ассамблеясы» ғимаратында өтіп жатыр. Ал ертең, 20 мамыр күні 4 ш/а «Абай» МДК өтеді. Жәрмеңке сағат 10.00-17.00 аралығында жалғасады.