Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев саяси реформалар бойынша Ата-заңға түзетулер енгізу үшін жалпыхалықтық референдум өткізу туралы шешім қабылдады.
Жаңа Қазақстанда әр азаматтың өз қабілетін іске асыруына барынша қолайлы жағдай жасалады. Қолынан іс келетін, қоғам ісіне белсене атсалыса алатын әрбір адамның жақсы өмір сүру барынша қолайлы мемлекетті құруға өз үлесін қосуына мүмкіндігі бар. Оған елінің келешегі мен ұрпағының болашағы алаңдататын әр қазақстандық Президент ұсынған Конституцияға енгізілетін өзгерістер бойынша өткізілетін бүкілхалықтық референдумда дауыс беру арқылы өз үнін қоса алады.
Бұл референдум Қазақстан халқының жұдырықтай жұмылып, азаматтық қоғамға негізделген жаңа мемлекетті құру жолындағы зор қадамы болмақ. Тәуелсіздік тарихында маңызды орын алатын аса маңызды оқиғаға қатысу – Отанын сүйген әр азаматтың адал борышы. Президент Жаңа Қазақстанды құруда қазақстандықтарға осындай зор сенім артып отыр және оның ақталатынына сенімді.
Ахмет Салманов,
облыстық мәслихат депутаты