Маңғыстау облысы бойынша 109 бірыңғай байланыс орталығы өз жұмысын бастады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚКО сілтеме жасап.
109 бірыңғай диспетчерлік қызметі жылумен жабдықтау, энергиямен жабдықтау, сумен жабдықтау, кәріздік сорғы станциялары және тазарту қондырғылары, ТҚҚ, лифт жұмысы, ПИК/ОСИ жұмысы, көше жарығы, қалалық жол инфрақұрылымы, қалалық, аула аумағын абаттандыру, ашық құдықтар мен қаланы көгалдандыру мәселелерін қарайды.
109 бірыңғай байланыс орталығы 24/7 режимінде жұмыс істейтін бірыңғай байланыс желісі.
Орталыққа келіп түскен барлық өтініш өңделеді және мәселелерді белгіленген мерзімде одан әрі шешу үшін мемлекеттік органдар мен коммуналдық қызметтерге жіберіледі. Сонымен қатар мамандар өтінімдерді орындау бойынша кері байланыс жүргізеді.
Өтініштер ұялы және қалалық телефондардан бірыңғай 109 нөміріне тегін қоңырау шалу,
facebooктен @aktau109.kz және www.aktau109.kz сайттан өтінімдерді қабылдайды.