Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауын сұрайды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Көп қабатты тұрғын үйлерде тұратын балаларды ата-ана қараусыз қалдыруы төтенше жағдайға ұшырау тәуекелділігінің жоғары болуына әкеледі. Әсіресе балалардың терезеден құлауы мүмкін.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2022 жылдың есепті кезеңіне жасаған талдауы бойынша Маңғыстау облысы өрт сөндіру қызметімен тұрғын үйлерде қараусыз пәтерде жабық қалған балаларды құтқаруға шыққан авариялық –құтқару жұмыстарына талдау бойынша 30 шығыс (жалпы 2021 жыл бойынша - 34 шығыс) болған, 33 бала (жалпы 2021 жыл бойынша – 47 бала) құтқарылған.
Статистика бойынша көбіне балалардың жарақат алуы ата-ананың қараусыз қалдырғанынан болады. Ата-ана жауапкершілігі –
бала қауіпсіздігінің негізі. Егер ата-ана қауіпсіздік шараларын қолға алса, балалардың қаза болу қаупі және жарақаттануын алдын алуға болады.
Осыған орай, Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:
Құрметті, ата-аналар, алдағы уақытта баланың терезеден құлауына байланысты жазатайым оқиғаны болдырмау үшін келесі ережелерді ұстану қажет:
1. Үйде балалар болған жағдайда ешқашан терезені ашық қалдырмаңыз! Сіз балаңыздың жанында болғаныңызбен, өз назарыңызды басқа нәрсеге аударған мезетте балаңыз өз өмірімен қош айтысуы мүмкін.
2. Барлық жиһазды бала терезе алдына шыға алмайтындай етіп, терезе жанынан алшақ қойыңыздар. Егер бұл мүмкін болмаған жағдайда, балаларға терезеге жақын орналасқан кереует немесе басқа да жиһаздардың үстінде ойнауына рұқсат бермеңіз.
3. Балконға ересектердің еріп жүруінсіз шығуға рұқсат бермеңіз.
4. Терезе қалай ашылатынын балаға көрсетпеңіз. Ол өз бетімен терезені ашуды үйренген сайын, оның пәтерде болуы қауіпті болады.
5. Балалардың жасы үлкендеріне өзінен кейінгі жасы кішілеріне қарап жүруін,сақтық шараларын үйрету керек.
6. Ешқашан ұйықтап жатқан баланы жалғыз өзін қалдырмаңыз, себебі бала оянып терезеге қарай ұмтылуы мүмкін.
7. Балаларыңыз терезені өз еркімен аша алмау үшін, терезелеріңізге бекіткіштер (арнайы бекіткіш) орнатыңыз.
8. Егер балаңызға терезе қарап бірнәрсе көрсетіп жатсаңыз, оны терезе алдына мінгізбеңіз, қолыңызда ұстап тұрыңыз.
«Үйде осы қарапайым ережелерді сақтаңыздар. Өз балаларыңызды сақтаңыздар!
Құрметті ата-аналар!
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар Департаменті Сіздерден балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауын сұрайды.
Көрсетілген фактілер жүйелі түрде анықталған жағдайда Полиция департаментіне "102" телефонына қоңырау шалыңыз», - деді Бекболат Каирбекұлы Абдикадыров.