Маңғыстау облысына іс сапармен келген мәжіліс депутаттары Еділ Жаңбыршин мен Самат Мұсабаев Мұнайлы ауданының активімен кездесті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Еділ Жаңбыршин Қазақстанда референдум соңғы рет 1995 жылы, қолданыстағы Конституция бекітілгенде өткенін айтты.
— Бұрын конституцияға өзгерістер енгізгенде ешкім қарапайым халықтың пікірін сұраған жоқ. Парламент қарауына ұсынып, депутаттардың «бір ауыздан» мақұлдауымен өзгерте салатын. Бірақ Президент Ата заңға енетін өзгерістерді жалпы халықтың таңдауына беріп, референдум өткізуді ұсынды. Ал референдум Қазақстан халқына келекшекке, Ата заңға өзгеріс енгізуге мүмкіндік береді - деді, Е.Жаңбыршин.
Сонымен қатар ол конституцияға енгізілгелі өзгерістің маңыздылығы мен қажеттілігіне тоқталды.
Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев алдағы Конституциялық реформа нәтижесінде Ата Заңдағы 98 баптың 33-не өзгеріс енетінін айтып, бұл жолы өтетін референдум мемлекет пен қоғам қатынасында тиімді құқықтық негіз қалыптастыратын айтты.
— Жаңа Қазақстанға бағытталған дұрыс шешім деп ойлаймын. Контитуцияға өзгеріс енгізуді халық таңдауы керек, - дейді ол.
Сондай-ақ бірауыздан референдумға қатысуға шақырды. Ол әділетті Қазақстанды құруға әрбір жан атсалысуы қажет деп санайды.
Мұнайлы ауданының белсенді ардагері Қалнияз Оңдабаев сөз алып, ата заң бүкіл қолданыстағы болатын заңдардың көзі болатынын айтып, бұл өте маңызды кезең екенн жеткізді.
— Саясатты қолдау керек. Себебі жүрегімізбен үндес болып тұр. Біздер ауданның активі алдағы болатын жұмыстардың, жақсы дүниелердің тұздығымыз. Сондықтан осылай жиі кездесу өткізіп, түсіндіруді тоқтатпау керек,-дейді ардагер.
«AMANAT» партиясының Манғыстау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Нұрбек Қарасаев орталықтағы ойды жеткізіп келіп отырған мәжіліс депутаттарының пікірін таратуға шақырды.