«Жасыл ел 2022» еңбек жасағына онлайн тіркелу 16 мамырда басталады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Бағдарламаға Ақтау қаласының 14-22 жас аралығындағы жоғары және кәсіптік оқу орындарының студенттері, жалпы орта білім беретін мектептің оқушылары қатыса алады. Негізінен аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасылардағы балалар мен студенттер ескеріледі.
Бағдарламаға тіркелу үшін мына телефонға хабарласуға болады: +7778-145-33-65.
Тіркеу уақыты: 09:30-17:30 (13:00-14:00 үзіліс).