Экологтар тұрғындардан өрттің иісі туралы түскен шағымдарға жауап берді. Маңғыстау облысы экология департаментінің қызметкерлері Ақтау қаласында ауаның құрамын тексерді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық экология департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экологтар концентрацияның мөлшері рұқсат етілген шегінен асып кетпегенін мәлімдеді.
Айта кетейік, Ақтаудағы атмосфералық ауа мониторингі төрт бекетте жүргізіледі.