Бүгін, 11 мамырда Маңғыстау облысы әкімдігіне жалақыны көтеруді сұрап 100-ге жуық аула сыпырушы жиналды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Компания қызметкерлерінің айтуынша, жалақы 112 500 теңгені құрайды, алайда заңнамада көрсетілген шегерімдермен қолға 83 мың теңгеге жуық қаражат түседі.
Бұған дейін "West Recycling Company" ЖШС коммуналдық қызметкерлері "Green City" ЖШС-ға ауысқан болатын. Бұл мекеме Ақтау қаласының санитарлық тазалығына жауап береді.
Қызметкерлермен кездесуге компания өкілі келді. Бірақ нақты ештеңе айта алмады.
Айта кетейік, Ақтау әкімдігі осы жылдың соңына дейін "Green City" ЖШС-мен келісім-шарт жасасқан.